Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында маусым айының 9-16 аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. 

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты облыс аумағында ІІО күштері мен құралдарын, мүдделі мемлекеттік органдарын, Үкіметтік емес ұйымдарын, Әйелдер кеңестерін тарта отырып, криминогендік ахуалды тұрақтандыруға, ауыр және аса ауыр қылмыстардың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу,болдырмау, ізін суытпай ашу бағытында профилактика  жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар, қала аумағына қарасты әкімшілік аймақта «маскүнем», «нашақор», «қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», бұрын сотты болған, шартты түрде мерзімінен босатылған адамдарды тексерумен қатар,  отбасылық тыныштығын алатындар мен қолайсыз отбасыларды аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Тағы да оқыңыз: