Kyzylorda-news.kz 2024 жылдың 31 мамырында терроризмге қарсы орталықтың қолдауымен өткізіліп жатқан "Найза-Антитеррор 2024" Республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы аясында Қызылорда қаласының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілуде.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб ашылып,  террористік қатерді жою жөнінде қажетті шаралар қабылданып, болған оқиғаның себептері анықталады.   

Құқық қорғау органдары тарапынан қылмыстық іс-әрекеттің жолын кесу, террористерді бейтараптандыру бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларының жоспары бойынша кінәлі тұлғалар анықталып, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, зардап шеккендер жоқ (немесе: зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетіледі), оқиға орнында коммуникация құралдары штаттық режимде жұмыс жасауда.  Облыстық жедел штаб мемлекеттік органдардың ықтимал терроризм  актілеріне жедел ден қою жөніндегі әзірлігін тексеруді жүргізеді. 

Фото: qaz.ulysmedia.kz

Тағы да оқыңыз: