Kyzylorda-news.kz. Қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топпен қала аумағында құрылыс қалдықтарын тастау, ластау және қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, нысан аумағын қалыпты жағдайда ұстамау, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Айта кету керек, «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 16-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері 1) қызметiн заңдарға және мемлекеттiк нормативтерге (мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға) сәйкес жүзеге асыруға және 2) өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi делінген. 

Осы ретте, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе жүргізген тексеру нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың құрылысы толық бітпей қараусыз қалған ғимараттарын, құрылыс қалдықтарын арнайы шақыртусыз қоқыс аумағына төгуі, қоршаудың талапқа сай орнатылмауы, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері секілді бірнеше фактілерді анықталған. Өз кезегінде әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген отыз үш жеке және заңды тұлғаға әкімшілік хаттама рәсімделді.

Аталған рейд жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табатын болады.

Осы орайда барша қала тұрғындарына, кәсіп иелеріне және құрылыс қызметінің субъектілеріне өзіне тиесілі нысан аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге шақыра отырып және нысанның сыртқы келбетін эстетикалық талапқа сай ұстау қажеттігін ескертеді.

Тағы да оқыңыз: