Kyzylorda-news.kz. Жүктелген функцияларға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті белгілі бір тауар нарықтарына талдау жүргізе отырып, тауар нарықтарының жай-күйін, ондағы бәсекелестік деңгейін тұрақты негізде зерделейді.
Тауар нарықтарына талдаулар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабының және Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы №13 бұйрығымен бекітілген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеменің негізінде жүргізіледі.
Мәселен, департамент биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша отын-энергетика кешені, азық-түлік тауарлары, денсаулық сақтау және өзге де нарықтар саласындағы белгілі бір географиялық шекаралар бөлінісінде тауар нарықтарына 46 талдау жүргізді.
Талдау мақсаттары нарықтағы бәсекелестік ортаның жай-күйін бағалау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, тауар нарығына кіру кедергілерін анықтау, сондай-ақ тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерін анықтау.
Талдау барысында талданған 35 нарықта бәсекелестік дамымағаны, тек талданған 3 нарықта бәсекелестік жеткілікті дамығаны анықталды, яғни, бәсекелестік дамыған нарықтар - бұл газбен жабдықтау саласындағы құрылыс-монтаж жұмыстары, бастапқы тұрғын үйді сату, автомобиль жолдарын орташа жөндеу саласындағы нарықтар.
Бұл ретте, жоғары білім беру қызметтері, домофон жүйелерін орнату және оларға қызмет көрсету, коммуналдық есепке алу аспаптарын орнату, таксиді диспетчерлеу қызметтері, жанар-жағармай материалдарын, сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізу қызметтері, электр энергиясын бөлшек саудада өткізу, ақ-қантты, тұзды, жұмыртқаны,тауық етін,қайта өңделген сүтті көтерме саудада өткізу, көмірді бөлшек саудада өткізу, вагондарды жөндеу, пренаталды скрининг қызметтері және басқа да дамымаған нарықтар бәсекелестікті күшейтуді талап етеді.
Мысалы, жанар-жағармай материалдарын және сұйытылған газды бөлшек саудада өткізу нарығында бәсекелестікті дамыту үшін авто жанармай және автогаз құю станциялар санын ұлғайту, сондай-ақ осындай авто жанармай және автогаз құю станциялар ашу үшін келісім алу рәсімдерін оңайлату қажет деп санаймыз.
Сондай-ақ, белгілі бір тауар нарығының бәсекелестігін дамыту үшін және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне субсидия немесе ең төмен пайыздық мөлшерлемемен кредиттер беруді ұлғайту қажет деп санаймыз. Бұл кәсіпкерге белгілі бір нарықта бәсекелес болуға және өз бизнесін дамытуға көмектеседі.
Сонымен қатар, жүргізілген талдаулардың нәтижелері бойынша жаңа компаниялардың нарыққа "кіруіне" кедергілер анықталды. Бұл бағаны мемлекеттік реттеу, таратушы желілердің дамымауы және белгілі бір нарықта әрекет ететін субъектілердің үлестес болуы, нормативтік құқықтық актілерде бекітілген шектеулер және басқа да кедергілер. Осы кедергілер бәсекелестікке теріс әсер етеді.
Бәсекелестікті дамыту-бұл барлық мемлекеттік органдар шешуге жауапты болатын кешенді міндет.
Осыған байланысты, өз қызметін жүргізу барысында мемлекеттің әрбір органының міндеттерінің бірі субсидия, гранттар, несиелер, лизингтер беру, сондай-ақ кеңес отырыстарын өткізумен нарықтағы кедергілерді анықтау және оларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу арқылы белгілі бір нарықта бәсекелестікті дамыту болып табылады.

