Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздік күні қарсаңында білім беру ұйымдарының оқушылары арасында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік елдің ертеңі» атты мәнерлеп оқудан байқау өтті.
Байқаудың мақсаты - этнос жастарын еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жетістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Жастардың бойында рухани-адамгершілігін ояту және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік тілді үйрену арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және балалардың қоғамдық белсенділігін арттыру.
Байқауға №4, 5, 6, 101 орта мектептерден 5-6 сыныптың оқушылары қатысып, бақ сынады.
Әділ қазылар құрамында «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшылары Бауыржан Үсенбаев, Шахизат Абдраманова және аға сарапшы, тіл жанашыры Светлана Крюгер болды.
Байқау нәтижесінде бірінші орынды М.Сужиков атындағы №6 мектептің оқушысы Дарья Старчиева, Ә. Мүсілімов атындағы №101 мектептің оқушысы Дияр Жолдас, екінші орынды М.Сужиков атындағы №6 мектептің оқушысы Дарья Федосияди, Ә. Мүсілімов атындағы №101 мектептің оқушысы Ерасыл Еркінұлы, үшінші орынды №5 мектеп-лицейінің оқушысы Ратмир Катешев және №4 IT мектеп-лицейінің оқушысы Айзере Ертуғанқызы иеленді.

