Kyzylorda-news.kz  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында» «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдар жасау және өткізу» қаралған.

Осы орайда, өңірлік Антикордың ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары аясында Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрында «Тоқалдың тендері» атты қойылымы өтті.

Қойылымның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын және патриоттық сезімдерін дамыту. Бұл туынды көрермендерді сыбайлас  жемқорлықтан бас тартуға тәрбиелеп, батыл, адал болуға шақырады.

Аталған қойылымда сыбайлас жемқорлықтың билік пен қоғам арасындағы сенімге қалай зиян тигізетіні көркем түрде көрсетілген.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Тағы да оқыңыз: