Kyzylorda-news.kz. 31 мамыр – Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні. Соған  орай, жазықсыз жазаға тартылған қазақ зиялыларының ұлы еңбектерін насихаттау мақсатында Қызылорда қаласының тарихы музейінің ұйымдастыруымен «Абылай хан» колледжі студенттеріне «Қуғын-сүргін құрбандары» атты лекция оқылды.

Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек, заманның небір зұлматын көріп келеді. Тар жолда тайғақ кешіп, ұлтының қамы үшін азар да безер болған саяси қуғын-сүргін құрбандарының тәлкекке толы тағдырын жадымызда сақтау – біздің адамгершілік парызымыз! Ауыр да азапты кезеңді басынан өткізген асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы. 

Өскелең ұрпақты халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру патриоттық сезімдерін артыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу қажет-ақ. Бұл бағытта өткізілген әрбір шара жастардың қайратты, өр рухты болуға дәріптеу. 
Танымдық шара барысында аталған оқу ордасының студенттері тарихи тың ақпараттарға қанықты. Көкейдегі сұрақтарын қойып, ой бөлісіп, пікір алмасты.  Ата-бабаларымыздың сонау зұлмат жылдары көрген қорлығы мен елі үшін жасаған өлшеусіз еңбектеріне көз жеткізіп, мол тағылым алды деуге болады. 

Тағы да оқыңыз: