Kyzylorda-news.kz. Қараша айының 1-7 күндері аралығында Қызылорда қаласындағы орта арнаулы оқу орындарында студенттерге ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, психологиялық кеңес берілді.

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Қызылорда облыстық Жастар одақтары» ҚБ ұйымдастырған шара «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын ұйымдастыру және психологиялық кеңес беру» деп аталды.

Шара барысында психолог маман Гүлнар Абдибаттаева қызметкерлер мен студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, арнайы брошуралар таратты.

Тағы да оқыңыз: