Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Білім. Тәрбие. Еңбек» тақырыбында студент жастармен кездесу өтті. Кездесуге Республикалық ақпаратты түсіндіру топ мүшесі Дінмұхамед Сманов арнайы қатысып, колледж студенттеріне тақырып төңірегінде мол мағлұмат берді. Білім мен тәрбиенің адам өмірінде алар рөліне кеңінен тоқталды. 

Өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп, оның ішінде ғылымның, тәрбиенің, бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда тәрбие мен еңбек бөлінбестей берік, маңызды да мәнді рөл атқарады. Расында, адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан-теңіз болса, оның рухани байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі баршаға бірдей қазына. Сондай-ақ, ата ананы сыйлау, ұстазды құрметтеу, білім алу, еңбек ету сынды адами құндылықтар мен адамға берілетін тәрбие бастаулары жөнінде сөз болған шарада тәрбие мен білім мәселесі де кеңінен қозғалды. Әбу Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дейді. Демек, әр адам алдымен отбасындағы тәрбие мен адамгершілік құндылықтарға мән бергені абзал. 

Шара соңында студенттер өз ойларымен бөлісіп, тақырып төңірегінде талқылау жасады.

316419036_1397500654357923_6459191011152360655_n.jpg

Тағы да оқыңыз: