Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде орнатылған жаңажылдық шырша өртеніп кетті.

Тасбөгет кентіндегі шыршаның өртенгені туралы ақпарат 1 қаңтарда сағат 02:01-де келіп түскен. 

«Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер 1 техникамен оқиға орнына барды. Өрт 02:07-де оқшауланып, 02:08-де толық сөндірілді. Өрттің шығуына электр сымның қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Шығын мөлшері анықталып жатыр», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
 

Тағы да оқыңыз: