Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

«ҚР ІІМ-нің қарамағындағы көлік құралдарын тіркейтін ақпараттық жүйенің уақытша жұмыс істемеуіне байланысты барлық өңірлердегі МХҚО-ларда шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша құжаттарды қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз. Жауапты органдар ақпараттық жүйенің қызметін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. МХҚО-ларда өтініштерді қайта қабылдау туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: