Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы ведомствалық бағынысты бөлімшелері арасында жыл сайын «Құтқарушылар күні» мен «Отан қорғаушылар күніне» орай шағын футболдан турнир өткізуді дәстүрге айналдырып отыр. Қызметкерлердің салауатты өмір салтын қалыптастыруы мен олардың арасында әуесқой спортшыларды дамытуға аталмыш дәстүрдің септігі зор.
2023 жылдың 3 мамырында «Сейхун» спорт кешенінде «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» және «9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңісі күніне» орай шағын футболдан турнир өтті. Оған Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті ведомствалық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Шағын футболда барлығы 10 команда бақ сынады.
№5 өрт сөндіру бөлімінің командасы Жедел құтқару жасағының командасын 2:0 есебімен жеңді. Сонымен бірге төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» аппаратының командасы Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аппаратының командасын 4:1 есебімен ұтты.
Тартысты өткен турнирдің нәтижесі бойынша І орынды Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі», ІІ орынды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, 3-орынды №5 өрт сөндіру бөлімінің мамандары иеленді.
