Kyzylorda-news.kz. Бүгін «ДИНАМО» Дене шынықтыру-спорттық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының футбол алаңында шағын футболдан турнир өтті.

Аталған турнир 30 тамыз – Конституция күніне арналды, «Мектепке жол» акциясы аясындағы қайырымдылық іс-шарасын жалғастыруға және қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Жалпы турнирге 10 команда қатысты. Атап айтар болсақ, Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен екі команда, департаментке қарасты «ӨСжАҚЖҚ» мекемесінен бір команда, №1, 2, 4, 5, 6, 7 өрт сөндіру бөлімдерінің командалары және Қызылорда облыстық Полиция департаментінің ардагерлер командасы бар.

Турнирдің ашылу салтанатында алдымен елдің Гимні шырқалды. Онан соң Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы подполковник Бекболат Әбдіқадыров салтанатты түрде турнирді ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған турнирдің әрбір командасында 5 ойыншы және 1 қақпашыдан бар. Барлық командалар шағын футболға жоғары дене дайындығымен келді және «матч» тартысты өтті.

Шағын футболдан өткен турнир барысын өңірлік телеарналардың өкілдері де тамашалап, ұйымдастырушы мен қатысушылардан сұхбат алды.

Жарыс жеңімпаздары 27 тамызда болатын Ата заң күніне арналған салтанатты іс-шара кезінде арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Тағы да оқыңыз: