Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының қаржы-салық саласының өсіп-өркендеуі үшін өзінің саналы ғұмырының көп уақытын арнаған Мұстафаев Серік Жолдасбекұлының осы саланың дамуына қосқан үлесі орасан зор. 

Департаментте Серік Жолдасбекұлының ұзақ жылдар бойы жасаған еңбегін елеп, атын ұлықтау мақсатында «Жыл қызметкері» номинациясы бекітіліп, табыстау рәсімі өткізілді. 

Серік Мұстафаев атындағы «Жыл қызметкері» номинациясының басты мақсаты-кейінгі жастарға оның жүрген жолын үлгі ретінде көрсетіп, қызметкерлерді ынталандыру, салық саласының білімді, білікті қызметкерлерін жәнеде мемлекеттік қызметтің әдептілігін  қалыптастыру мақсатында эталон ретінде көрсету.  

Іс-шара барысында департамент басшысы Ғани Аманов, Серік Мұстафаевтың салық саласының қыр-сырын толық меңгергенін, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары болғанын, Сыр өңірінің өркендеуіне қосқан үлесін айтып, еңбегімен жетістіктеріне тоқталды. 

Сонымен қатар, сала ардагері Дайрабай Ысқақов өзінің шәкірті Серік Мұстафаевтың  қаржы жүйесіне сіңірген орасан зор еңбегін атап өтіп, ұйымдастырылған іс-шараға оң бағасын беріп, осы үрдістің жалғасын табатынына сенім білдірді.

Департаменттің бұйрығымен бекітілген ережеге сәйкес, комиссияға 13 қызметкердің кандидатурасы ұсынылып, номинация иегері анықталды. Комиссия шешімімен Серік Мұстафаев атындағы «Жыл қызметкері» номинациясының иегері болып басшы орынбасары Әділ Бекішев марапатталды.

316410258_1313224542764821_2583691294897411267_n.jpg

Тағы да оқыңыз: