Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермековтың төрағалығымен құзырлы органдар, сауда үйлер мен базар басшыларының қатысумен мәжіліс өткізілді.

Жиын барысында сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігі мен санитариялық талаптар бойынша мәселелер көтерілді.

Бұл ретте, кәсіп иелеріне өрт болған жағдайда алғашқы іс-әрекеті, өрт сөндіру құралдарын үнемі жарамды күйде ұстау талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар сауда орындарының эвакуациялық шығу жолдарына бөгет жасамау, жүргізілген электр сымдарының жай-күйін үнемі бақылауда ұстау жөнінде өрт қауіпсіздігі талаптары да назарға алынды. 

Сондай-ақ, санитарлық талаптармен қоса, тұтынушылардың астан улану қауіпін алдын алу мақсатында тез бұзылатын тамақ өнімдеріне бақылау жүргізу мәселелері ескертілді.

Жиын соңында кәсіп иелеріне сауда нысандарының сыртқы сәулеттік кескін келбеттерін ретке келтіру, әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастыру, іргелес аумақтарының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптар түсіндіріліп, құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

338399821_233130035952897_2999419598394083437_n.jpg

Тағы да оқыңыз: