Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Президент сайлауы: 7 жылдық мандат» атты «Sarap» эксперттік клубының аймақтық отырысы өтті. 

Отырыс «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасының орынбасары Аманбек Төлепбергеновтың модераторлығымен өтті. 

Іс-шараға Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Еркебай Ғалымжан, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Есмаханов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев, «Болашақ» университетінің қауымдастырылған профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты Мұрат Насимов, сондай-ақ «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ сарапшылары Серікқазы Какыбаланов, Жақсыбек Жиеналиев қатысты.

Жиын қатысушылары алдағы Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістерді талқылады. 

Атап айтқанда, сарапшылар қайта сайлау құқығынсыз жеті жылдық президенттік мерзімді енгізу туралы өз пікірлерін білдірді, сондай-ақ бұл өзгерістер елдің саяси жүйесіне қалай әсер ететінін талдады.

Өңірлік отырыс пікірталас форматында өтіп, шақырылған қонақтар - саясаттанушылар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғам белсенділері жиын тақырыбы бойынша өз пікірлерімен бөлісті. 

Сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне жас азаматтарды белсенді қатыстыру және құқықтық ақпараттандырылу деңгейін көтеру мақсатында іс-шараға жастар ұйымдарының белсенділері мен студенттері қатысты. Олар сарапшыларға отырыс тақырыбы бойынша бірқатар сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

314948721_1662978340764338_4876619124330529765_n.jpg

Тағы да оқыңыз: