Kyzylorda-news.kz Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды бөлек жинау қағидаларын ілгерілетуге және жастар арасында тұрақты экологиялық тәжірибелерді дамытуға бағытталған «ReStart» жобасы аясында Қызылорда қаласында эко-сенбілік өтті.

Бұл жобаны «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен CCİ Kazakhstan қолдауымен жүзеге асыруда. Аталған көшпелі эко-сенбілік еліміздің 10 өңірін қамтымақ.

Сенбілікке қала әкімдігі мен «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту коалициясының өкілдері, белсенді жастар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ерікті студенттері жұмылды. Экологиялық акцияға қатысушылар Самара-Шымкент автожолы бойындағы жасыл белдеу аумағын тазартып, Zero Waste қағидалары және пластикті сұрыптау ережелерімен танысты.

Тағы да оқыңыз: