Kyzylorda-news.kz. Кеше JCI - Jaidarman Creative Industry орталығы республикалық жайдарман фестивалін ұйымдастырды. 

Н.Бекежанов атындағы драма театрында өткізілген әзіл кешінде республикалық «Жоғары лига» ойындарының құрамаларымен ардагер жайдарманшылар өнер көрсетті.

Жекпе-жек форматында өткізілген фестивальде төмендегі командалар керемет өнер көрсетіп, көрермен көңілінен шықты деп ойлаймын.

- «Медиум» командасы, Тараз қаласы;
- «Эверест» құрамасы, Алматы қаласы;
- «Абырой» командасы, Шымкент қаласы;
- «Ақпен бірге» командасы, Алматы қаласы;
- «Қазалы құрамасы», Қазалы ауданы;
- «Рудный құрамасы», Қостанай облысы;
- «Барыстар командасы», Ақтау қаласы;
- «Арал АС» командасы, Қызылорда облысы.

«Телевизиялық жайдарман ойындарын Сыр елінде өткізсек деген ұсынысымызды қабыл алып, барлық жағынан қолдау жасаған Есен Елеукен ағамызға алғысым шексіз. Шараның жоғары деңгейде өткізілуіне қолдау білдіргені үшін Қызылорда қаласының әкімдігіне, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасына және Нартай Бекежанов атындағы драма театрына алғыс білдіреміз», - дейді Қызылорда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Алиби Басаров.

316546336_3209232919387504_1210905843561335196_n.jpg
317388232_3209233592720770_9180867704566439326_n.jpg
316817680_3209233229387473_1078960876915831311_n.jpg

Тағы да оқыңыз: