Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов Прокуратура қызметкерлері күніне орай республикада жоғары қадағалау қызметін жүзеге асыратын жалғыз мемлекеттік органның бірқатар қызметкерлері мен ардагерлерін қабылдап, кәсіби мерекесімен құттықтады.

Кездесуде қала әкімі «Прокуратура қызметкерлері өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді» деп, жауапкершілігі жоғары мамандық өкілдерінің қоғам алдындағы салмағын тілге тиек етті. Сондай-ақ, сала қызметкерлері мен ардагерлеріне мерекеге орай арнайы алғыс хаттар табыс етіп, ел мүддесі жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Айта кету керек, биыл 5 қарашада Мемлекет басшысы жария түрде еліміз үшін маңызды 6 заңға қол қойған болатын. Сол құжаттардың бірі – «Прокуратура туралы» Конституциялық заң. Еліміздің тарихында прокуратура органдарына қатысты конституциялық мәртебесі бар ең алғашқы заң прокуратура органдары қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру және құзыретін кеңейту мақсатында қабылданды.

Еліміздің тұтастығын сақтау және азаматтарымыздың бостандығы мен құқықтарын қорғау жолында қабылданған Конституциялық жаңа заңның атқаратын рөлі зор.

317868341_3249583251975077_9199725796624626643_n.jpg
318093081_3249583291975073_6849640664607148197_n.jpg
317927078_3249583271975075_8126905285762668585_n.jpg

Тағы да оқыңыз: