Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті. Аталған акция аясында пробация есебіндегі азаматтар да мекенжайынан тексерілді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы жылдың 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық 16 күн» акциясы өтіп жатыр.
Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады.
Аталған акцияның өтуіне орай, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Қасымова аудандық пробация қызметкерлерімен бірге есептегі сотталғандардың мекенжайларынан тексерді. Тексеру барысында инспектор жаза тәртіп ережелерін бұзған бас бостандығынан айырылғандарға да тәртіптің шара көрілетіндігін ескертті.
Сондай-ақ мамандар зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жағдайда шұғыл түрде «102» телефон нөміріне хабарласып, жазбаша арызбен де жүгіне алатындықтарын жеткізді.

