Kyzylorda-news.kz Арал ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қайырымдылық Іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 3 азаматтың мектеп жасындағы балаларына жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдарын табыстады.

Көмек алған ата-аналар көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдірді.

«Балаларымыздың қуанышын көріп, өзіміз де ерекше әсер алдық. Жаңа оқу жылына қажетті құралдардың табысталуы – біз үшін үлкен көмек. Осындай қолдау көрсетіп, отбасымыздың жағдайын назардан тыс қалдырмаған азаматтарға алғысымды білдіремін. Балаларым жақсы оқып, болашақта елге пайдасы тиетін азамат болып өссе екен деймін», – дейді есептегі азамат.

Мұндай игі шаралар әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға демеу болып қана қоймай, балалардың алаңсыз білім алуына мүмкіндік береді.

WhatsApp Image 2026-08-31 at 16.15.36.jpeg

Тағы да оқыңыз: