Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өңірдің кең таралған пайдалы қазбаларды өндіріп тасымалдайтын жер қойнауын пайдаланушыларымен көліктік реттеу нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының орынбасары Ринат Сұлтангереев инертті материалдарды, оның ішінде республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан жүк тасымалына жүк-құжаттардың беру міндеттемелері қосымша шарт негізінде рәсімделетінін хабарлады.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Г.Пірназарова ауыр жүк көлігімен тасымалдау кезіндегі қолданыстағы нормативтерге, оның ішінде көктемгі су тасқыны кезінде, сонымен қатар жазғы кезеңде заңнамада көзделген салмақтағы шектеулерге қатысты түсініктеме берді.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
