Kyzylorda-news.kz. Балалар жылы аясында облыстық білім басқармасының бастамасымен Сырдария аудандық білім бөлімі №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейде «Отбасы — алтын бесік» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.

Қоғамда отбасы құндылықтары мен ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталған шараға облыстық білім басқармасының, аудандық білім бөлімінің жауапты қызметкерлері, ардагер-ұстаздар, аудандық «Шаңырақ» әкелер кеңесі мен әйелдер кеңесінің мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп оқушылары қатысты.

Семинар жұмысының I бөлімінде 3 секциялық отырыс өтті.

Бірінші секциялық отырыста «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Төлен Әбдіковтің «Қонақтар әңгімесінен» оқу сағаты, екінші секциялық отырыста Оқушылардың дебат қозғалысы жалпыұлттық білім беру жобасы бойынша пікірталас алаңы болып өтті. Сондай-ақ, үшінші секцияда «Әжелер мектебінің» қолөнер шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

Семинар жұмысының II бөлімінде мектеп театры жобасы аясында «Отбасы – алтын бесік» сахналық көрінісі қойылды. Мұнан кейін пленарлық мәжілісте білім беру ұйымдарындағы ата-анамен жұмысты ұйымдастырудың әдістері, бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі талқыланды.

Тағы да оқыңыз: