Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов Орман шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.
Мерекелік кездесуде Орманды сақтау, молықтыру және көбейтуде жылдар бойы қызмет етіп, саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан қызметкерлер ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің І дәрежелі, ІІІ дәрежелі, «Еңбек сіңірген орман өсіруші», Құрмет грамоталарымен және облыс әкімінің, облыс әкімінің бірінші орынбасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара соңында Орман шаруашылығы саласының еңбек сіңірген ардагерлері ізгі лебіздерін білдірді.

