Kyzylorda-news.kz “Ауыл” партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде “Кітап – руханият өзегі”  тақырыбында акция ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты  – үйдің сөресіндегі кітаптарды жинап, кітап сүйер оқырманға ұсыну.

Шара барысында Сыр жұртшылығы акцияға белсенді қатысып, бір мезетте 700 ге жуық кітаптар жиналды. Детективты жанрдың шебері, белгілі жазушы, партия мүшесі Алдажар Әбілов те атсалысып, төл туындысы “Зауал” кітабының 30 данасын белсенді оқырмандарға сыйға тартты.

Акция барысында жиналған кітаптар университет кітапханасының қорына тапсырылды.

Қызылордада оқырмандар партияның бастамасын қолдады 1.jpg

Тағы да оқыңыз: