Kyzylorda-news.kz  Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

2024 жылдың 5 шілде күні Қызылорда қаласында Ы.Жахаев көшесінде орналасқан Медициналық жоғары колледжінің ғимараты аумағында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Осы аймақта жаяу жүргіншілер мен автокөлік қозғалысына шектеу қойылды.

Іс-шараның мақсаты – террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасауының дағдыларын қалыптастыру.

Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.

Тағы да оқыңыз: