Kyzylorda-news.kz. Кеше кешкі сағат 18:45-те Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылы Айтуаров көшесі №2/1тұрғын үй жанып жатқаны туралы 101 пультіне хабарлама түсті.

Аталған шақырту бойынша Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде ауданы 12*8 метр болатын тұрғын үйдің 7*8 бөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны белгілі болды. Газ түтінінен қорғау буынына қосылған өрт сөндірушілер тыныс алуға жарамсыз бөлме ішінде ес-түссіз жатқан 38  жастағы  азаматты құтқарып қауіпсіз жерге алып шықты.

Жедел жәрдем оқиға орнына жеткенше №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Тәуекелов Ербол алғашқы медициналық көмек көрсетті. Тілсіз жау 19:51 минутта толық жойылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуды. Ал жедел жәрдем қызметіне табысталған 38 жастағы үй иесі  дәрігерлердің қарауында,  жағдайы ауыр, денесінің 75 пайызын күйік шалған. 

WhatsApp Image 2023-06-22 at 11.41.39.jpeg

Тағы да оқыңыз: