Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасарының төрағалығымен Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Өңірлік штабтың бірінші отырысы өткізілді. Техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штабтың құрамы мен ережесі 2023 жылдың 2 наурызында Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязовпен бекітілген болатын.

Штаб құрамына Техникалық реттеу және метрология, ауыл шаруашылығы және жер қатынастар басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, мемлекеттік кірістер, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, Қазақстан стандарттау және метрология институтының және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары енгізілді.

Жиында қаралған аттракциондар мен балалар алаңдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігін ескере отырып, отырысқа кәсіпкерлік өкілдері, Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары шақырылды. Оларға балалар ойын алаңдары жабдықтары мен аттракциондары қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптары түсіндіріліп, жауапкершілік шекаралары бойынша кеңінен талқылау жүргізілді. Қатысты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, штаб мүшелеріне қолданыстағы техникалық регламенттерге және басқа да нормативтік құжаттарға байланысты ұсыныстар беру тапсырылды.

Штаб өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында проблемалық мәселелерді жою бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізетін болады.

Тағы да оқыңыз: