Kyzylorda-news.kz. Қала экономикасының дамуына өнеркәсіп саласының қарқын алуы тікелей әсер ететіні белгілі. Бүгінде Қызылорда шаһарында өнеркәсіп саласы тұрақты дамып келеді. Бұған дейін жалпы өңірдің экономикасы мұнай, кен орындарының өндірісімен басымдық алса, қазір бұл басқа да бағытта өркен жаюда.

Қала әкімдігінің нақты мәліметіне сәйкес,  биыл мамыр айына дейін қаладағы өнеркәсіп кәсіпорындары 63 775 миллион. теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемін өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 90,4 пайызға жеткізген. Оның ішінде, кен өндіру өнеркәсібінде 168 005,5 миллион. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 88,4 процентті құраған. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 78,5 процентін құрапты. Осы уақыт аралығында қалада 1 146,3 мың тонна мұнай өндіріліп, ол өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 85,2 процентті құраған. Сонымен қатар, табиғи газ өндіру  134,9 миллион. текше метрді құраса, бұл көрсеткіш өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 65,9 процентке жеткен.

Бұдан бөлек, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі де артып келеді. Мәселен, биыл бұл бағытта өндірілген өнім көлемі – 34 787 миллион. теңгені құраған екен. Мұның өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 111,1 процентке артқанын байқауға болады. Мамандардың айтуынша, бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 13,2 проценті болады екен. 

Сондай-ақ, есепті мерзімде жеңіл өнеркәсіп 114,0 процентке, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 189,5 процентке, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру  144,1 процентке, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 146,8 процент болса, машина жасау саласы 2,5 есеге артып, тамақ өнімдерін өндіру 85,7 пайызды құраған.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 15 381,4 миллион. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 106,9 процентке артқан. Қаңтар-мамыр айы аралығында 524,5 миллион. квт сағ электр энергиясы және 347,7 мың гкал жылу энергиясы өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен тисінше, 99,4 процентті жене 112,0 процентті құраған. Сонымен қатар, сумен жабдықтау саласында 5 758,6 мың текше метр табиғи су өндіріліпті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 88,9 процентті құраған.

Тағы да оқыңыз: