Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының орталығынан неке сарайы салынады. Бүгін аталған ғимараттың іргетасы қаланды. Шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Бүгін құрылысшылар күнінде қызылордалықтар үшін үш нысанның іргетасы қаланды. Сондай-ақ, Арал және Шиелі аудандарының бірнеше елді мекеніне газ тарату желілері орнатылды.

Енді Сыр өңірінде отбасылық өмірге қадам жасаған жастар заманауи үлгідегі неке сарайында отбасы атанады.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас жұбайлардың киелі шаңырағына айналатын Неке сарайының Халықаралық жастар күні аясында бой көтеруінің символикалық мәні бар екенін атап өтті.

«Бір қуантарлығы, аймағымызда демографиялық өсім жылдан-жылға жақсарып, шаңырақ көтерген жастардың қатары артып келеді. Биылғы жылдың 6 айында 2276 жұп некеге тұрып, отбасылық өмірге қадам басты. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мықты отбасы – мықты мемлекет» деп отбасы құндылығының маңызды екенін жеткізді. Келешекте неке сарайында отбасы құндылықтарын дәріптейтін әлеуметтік-мәдени іс-шаралар да тұрақты түрде өткізілетін болады», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Тағы да оқыңыз: