Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облыстық Қазақстан Халық Ассамблеясы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің кезекті кездесуі «Петро Қазақстан Құмкөл ресорсиз» АҚ мұнай компаниясында өтті. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Phd докторы, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Дәулет Омаров, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Асылбек Жұмабаев, Корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Денис Пак және мұнай компанияның қызметкерлері қатысты.

Топ мүшесі Асылбек Жұмабаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» деген басты қағидатын негізге ала отырып, дамудың даңғыл жолына түсудегі тұрақтылықтың маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, дін бостандығы төңірегінде сөз қозғады.

Ұлттық Құрылтайда көтерілген жастар арасындағы тәлім-тәрбие, адал еңбек, адал табыс, еңбексүйгіштік, отансүйгіштікке баулу, кітап оқу, әлеуметтік желідегі мәдениеттілік жөнінде атт мүшесі Дәулет Омаров түсінік берді.

Ал Корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Денис Пак бірлестіктің ынтымақ пен достықтың нәтижесінде 35 жылда жеткен жетістіктері мен игілікке толы ізгі жұмыстарына тоқталып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты айтып өтті.

Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу пікір алмасуға ұласты.

Тағы да оқыңыз: