Kyzylorda-news.kz Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңына және «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы №443 Жарлығы мен Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 21 ақпандағы №33 қаулысына сәйкес 2024 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов мәлімдеді.

Оның айтуынша биылғы жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында 18-27 жас аралығындағы 850-ге жуық Сыр елінің азаматтары 2024 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру барысында еліміздің Қарулы Күштерінде және басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызметтерін өтейді. Оның ішінде:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне 160-қа жуық азамат аттандырылды;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне – 11 азамат әскери борышын өтеуге жолданды;

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан қызметіне – 275-ке жуық азамат жолданған.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан қызметіне аттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызылорда облысы бойынша 60-қа жуық азаматты әскери борышын өтеуге аттандырылған.

Сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие мерзімін 1 жылға тоқтауға,

білім беру секторында жеңілдіктер беруге (ұлттық бірыңғай тестілеусіз жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері бар), сондай-ақ, олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу сияқты жеңілдіктер қарастырылған.

Әскери қызметке шақырылушы азаматтарды хабардар ету 1414 сервис қызметі  пилоттық режимінде SMS хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асады, − дейді ол.

Айта кетейік, жас сарбаздар әскери борышын ҚР ҰКҚ Шекара қызметінде, ҚР Қарулы Күштері қатарында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдері және Мемлекеттік Күзет қызметтерінде өтейтін болады.

Әскери бөлімдерге елімізде қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар аттанады.

 

Тағы да оқыңыз: