Kyzylorda-news.kz. 31 желтоқсан күні сағат 20:00-де Қызылорда облысындағы орталық алаңда Жаңа жылдық мерекелік гала концерт өтеді.
«Мерекелік кешті жерлесіміз, елімізге танымал жайдарманшы Асылхан Дүкенбаев жүргізіп, эстрада жұлдыздары Ақбота-Нұр, Әбдіжаппар Әлқожа және жергілікті өнерпаздар Сіздер үшін арнайы өнер көрсететін болады. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, келе жатқан 2023 жылды бірге қарсы алуға шақырамыз», - делінген хабарламада
