Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Достық үйінде мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды түсіндіруге арналған семинар ұйымдастырылды.
Жиынға «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, ақпараттық түсіндіру тобы және ЭМБ өкілдері қатысты.
Семинарды «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов ашып, әлеуметтік қолдау шараларының қоғамдағы маңызына тоқталды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «Бизнеске арналған үкімет» КММ-нің «Қызмет көрсету» бөлімінің басшысы Шайнурова Гюзель Сериковна сөз сөйледі.
Ол қатысушыларға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар, өнеркәсіп салаларын, жұмыссыздықты азайтуға бағытталған басқа да қолдау тетіктерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау бағдарламаларының тиімділігі, халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру және жастарды әлеуметтік қолдау жұмыстарының өзектілігі жөнінде ой қозғады.
Жиын соңында қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, алдағы атқарылатын іс-шаралар бойынша пікір білдірді.
