Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиация орталығының ұйымдастыруымен Абылай хан атындағы жоғары колледжінде кездесу өтті. Іс-шара барысында қоғамдағы медиация мәдениетін қалыптастыру, этносаралық келісімді нығайту және дауларды бейбіт жолмен шешу тетіктері кеңінен сөз болды.
Жиында спикерлер ретінде Этномедиация орталығының төрағасы, кәсіби медиатор-психолог Жанна Мирамбекқызы және «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Шахизат Абдраманова баяндама жасады. Олар медиацияның құқықтық әрі психологиялық қырларына тоқталып, оның қоғамдағы дау-дамайлардың алдын алудағы тиімді құрал екенін атап өтті.
Кездесу барысында жастар тәрбиесіне кері әсерін тигізетін бес кесел, соның ішінде құмар ойынға тәуелділік мәселесі қозғалып, оның әлеуметтік салдары мен алдын алу жолдары талқыланды. Спикерлер түсіндіру және ақпараттық жұмыстардың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, 15 наурызда өтетін Референдумның маңыздылығы айтылып, ел дамуына қатысты маңызды бастамаларға азаматтардың белсенді қатысуы – ортақ жауапкершілік екені жеткізілді.
