Kyzylorda-news.kz. Жалпы сан алуан дау-жанжалдарды, тіпті орта дәрежелі қылмыстық істерді де сотқа жеткізбей, бейбіт жолмен шешу елімізде кең тараған үрдіс. Әсіресе билер институтын медиация мүмкіндіктері арқылы заманауи жаңғырту, әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам қалыптастырудағы медиацияның рөлін арттыру мақсатында Сыр өңірінде ауқымды шаралар өтуде. Соның бірі Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Медиация – бейбітшілік пен келісім жолы» тақырыбындағы облыстық форум. 

Бұл форумның мақсаты тәжірибе алмасу, еліміздегі медиация институтын дамытудың жолдарын саралау, медиаторлар арасында кәсіби байланыстарды дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация құрылымының мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институтымен өзара іс-қимылының негізгі тетіктерін талқылау.

Форум басталмас бұрын кітап көрмесі мен «Медиация – мәміле алаңы» тақырыбымен дайындалған бейнеролик көпшіліктің назарына ұсынылды. 

Мұнан соң медиаторлар бас қосқан форумда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, шара модераторы Бауыржан Камзаев сөз сөйлеп, оның маңыздылығы туралы айтып өтті.

-Болашағы біртұтас елдің барлық мемлекеттік және азаматтық қоғам институттары қызметінің ең басты қағидаты – қоғамдық келісімді сақтау және нығайту. Осы орайда барлық тараптардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу арқылы бітімгершілікке қол жеткізуге бағытталған медиация институтының ел бірлігін дамытудағы рөлі зор, - дей келе, этномедиация бағыты бойынша 2 күнге жалғасқан оқыту семинарында өз тәжірибелерімен бөліскен этномедиатор мамандарға алғысын білдіре отырып, форумға сәттілік тіледі.

Шарада «Қоғамдық келісім» РММ ҚХА жобаларды іске асыру және қоғамдық құрылымдармен жұмыс жасау жөніндегі басқармасының бас сарапшысы Талшын Италиева Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы медиаторлардың бітімгерлік бағытында атқарған толымды жұмыстарын сөз етті. 

«2015 жылдан бастап ҚХА негізгі бағыттарының бірі – медиация институтын дамыту, насихаттау болып табылады. Бүгінгі таңда  республика көлемінде ҚХА-на қарасты 20 медиациялық кабинеттер жұмыс істейді. 367 диалогтық алаң бар.  Осы уақытқа дейін 140 мыңнан астам медиациялық кабинеттерге жүгіну тіркелді», - деп атап өтті. 

Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшесі, «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Қыдырбек Рашев және «Рух» психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры, этномедиатор Резеда Баймухаметова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиаторлар кеңесінің мүшесі, қоғамдық медиатор Жақсыбай Жакеев татулық пен берекені, елдің тұтастығын сақтаудағы ең ұтымды тәсіл – бітімгерлік бағытын дамытып, нығайтуда атқарылып жатқан толымды жұмыстар үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. 

Форум соңында Қазақстан халқы бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуда қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар медиаторлар марапатталды. 

Айта кету керек, бүгінгі күні облыс көлемінде 615 қоғамдық медиатор тіркелген. Оның ішінде 2022 жылы облыстық ҚХА-мен бірлесіп жұмыс атқаратын 45 медиатордың тізімі жасақталды.

Жыл басынан бері облыс көлемінде медиация институтын насихаттауға бағытталған түрлі форматта 64 шара ұйымдастырылып, 1000-ға жуық адам қамтылды. 

Үстіміздегі жылы қоғамдық медиаторлармен барлығы 2000-ға жуық дау шешілсе, оның 551-і сотқа дейін, 1397-і сотта медиациялық келісіммен, 42 дау қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде тоқтатылды.

315359528_3353554101630413_5076698400352389891_n.jpg

Тағы да оқыңыз: