Kyzylorda-news.kz. Қызылордада мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығындағы медициналық байқау кабинеті жұмысын уақытша тоқтатты.
Мемлекеттік корпорация Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Жаңадария көшесі 91 мекенжайында орналасқан арнайы ХҚКО-да медициналық комиссиядан өту уақытша мүмкін еместігін хабарлайды.
Осыған байланысты, жүргізуші куәлігін алғаш алушылар, мерзімі өткен жүргізуші куәлігін жаңалаушылар, сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан белгілі бір мерзімге айрылып, шектеу мерзімінен соң куәлік алуға практикалық сынақ тапсырушылар қажетті 073 формадағы медициналық анықтаманы өздері тіркелген емханадан алып келуі тиіс.
Медициналық тексеру кабинеті қалыпты жұмысқа көшкен жағдайда қосымша хабарланады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!
