Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда облысының 7 сайлау округінде шығып қалған мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Науқан Қызылорда қаласындағы №19, Қармақшы ауданындағы №1 және №4, Жалағаш ауданындағы №12, Сырдария ауданындағы №11 және №12, Шиелі ауданындағы №3 бірмандаттық сайлау округтерінде ұйымдастырылуда.

Сайлау бюллетеніне әр округтен 3 кандидат, барлығы 21 азамат енгізілді.

Маңызды күнде таңмен таласа келген 87 жастағы сайлаушылардың бірі Әбдіқаппар Искаков өз таңдауын жасап, ақ батасын берді. 

Қазыналы қария мәслихат депутаттарын сайлау - аманат және жауапкершілік екенін атап өтті. Бұл ретте науқанға үлес қосу әрбір азаматтың құқығы деді. 

7 округ бойынша сайлаушыларға 14 учаскелік комиссия қызмет жасайды. 

Дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.

Тағы да оқыңыз: