Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті аймақтағы 6 ірі ақталған күріш өндіруші және көтерме саудада өткізуші нарық субъектілеріне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тергеп-тексеру нәтижесінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабына сәйкес аталған нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен, яғни ақталған күрішті көтерме сауда өткізу барысында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңбұзушылық деректері анықталған.

Осыған орай, аталған субъектілерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар рәсімделіп, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотына жолданды.

Нәтижесінде, соттың қаулыларына сәйкес жоғарыда көрсетілген нарық субъектілеріне Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылығын жасау бойынша кінәлі деп танылып, сот шешімімен жалпы 67 942 133 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында күрішті өңдеуші-өндірушілерге қатысты хабарламаны орындамау фактісі бойынша тергеп-тексеру шаралары тағайындалған болатын.
 

 

Тағы да оқыңыз: