Kyzylorda-news.kz. Биыл қаладағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельдермен қапталады. Бүгінде бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Игілікті бастаманы жергілікті кәсіпкерлер туған жерге тарту ретінде қолға алған. Олардың демеушілігімен жалпы ауданы 40 мың шаршы метр соңғы үлгідегі құрылыс материалдары қолданылмақ. Бұл өз кезегінде көпқабатты үйлерді жыл сайын әктеу, сырлаудан тыйып, қолайсыз ауа райынан қорғауға жақсы мүмкіндік. Сондай-ақ қала сәулетіне де ерекше көрік қосады. 

Осы орайда облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесуде құрылыс жұмысынығ материалдың сапалы болуын қатаң тапсырған болатын. Сондай-ақ оларға алғысын білдірген еді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы туған жеріне жанашырлықпен қарайтын кәсіпкерлерді патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, ел экономикасын дамытуға үлес қосуға шақырған болатын. Бұл жұмыстарға жергілікті кәсіпкерлер, Сыр топырағынан түлеген меценаттар белсенді араласуда. Олар қайырымдылық шараларына, атамекенін көркейтуге бар күш-жігерін салуда», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Бүгінде  облыс әкімінің бастамасымен қаладағы 26 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жаңғыртылуда. Оның ішінде Абай даңғылындағы №46, №54 және №62 үйлер, Сырдария шағын ауданындағы №1 және №2 тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары басталған. Сонымен қатар  заманауи панельдермен қаптау жұмыстары Абай даңғылындағы №37, 39, 41, 43, 44,  62 үй мен Мұратбаев көшесіндегі №17 үй, Сырдария шағын ауданындағы №1 және №2 тұрғын үйлерде жүргізілуде. Жаңғырту жұмыстары шілде айына дейін аяқталады деп күтілуде.

Тағы да оқыңыз: