maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада пәтерден өрт шықты. Құтқарушылар пәтердегі 31 жастағы ер адамды құтқарды.

Оқыс оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында орын алды. Өрт сөндіру қызметіне қаладағы көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Құтқарушылар оқиға орынан жеткенде пәтерде есінен танған 31 жастағы азаматты тапты. Құтқарушылар тұрғынды қызыл жалыннан құтқарып қалды.

«Жағдайы ауыр азамат қазір дәрігерлердің жіті қадағалауында. Өрт сөндіру қызметінен жалпы 4 арнайы, 1 штабтық техника және 15 қызметкер жұмылдырылды. Өрт таңға дейін толығымен сөндірілді», - дейді өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы.

Тағы да оқыңыз: