Kyzylorda-news.kz. «Ақ босаға» әйелдер қоғамдық бірлестігінің  «Көп балалы аналар мен жастардың шешім қабылдауға қатысуын қолдау» жобасы Орталық Азияның Еуразия Қорының Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Сіздің дауысыңыз маңызды. Технологиялар арқылы шешім қабылдауға азаматтық қатысу» жобасының демеушілік қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл жобаның мақсаты - Қызылорда өңірінің көп балалы аналары мен жастарын жұмылдырып, азаматтық технологияларды пайдалану арқылы шешім қабылдауға қатысуын  күшейту болып табылады.

Жобаға қатысушы көп балалы аналар мен жастардың арасында 50 белсенді қатысушылары өз дауыстары арқылы еліміздің шешімдерінің қабылдануына қатыса алады. Олар цифрлық сауаттылығы арқылы өз қауымдастықтарының әлеуметтік мәселелері мен қажеттіліктерін анықтап, үкімет пен билікке жеткізу тетіктерін қолданады. Өздеріне керекті ақпараттарды үйден шықпай-ақ алып отырады. Жұмыссыз жастар алған білімдері арқылы онлайн технология арқылы жұмыспен қамтылуы мүмкіндігі артады. Бүгінгі күні жоба аясында мемлекеттік органдармен, бизнес өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен  ынтымақтастық орнатылып біріккен іс -шаралар ұйымдастыру тәжірибесі қалыптасты. Көп балалы аналар мен жастар қоғамның белсенді мүшелері ретінде цифрлық технологиялар арқылы өз пікірін жеткізуге мүмкіндік алып отыр. 

Көп балалы аналар мен жастар қауымдастық мүшелері ашылған телеграмм-бот арқылы «Ашық Үкімет» платформасымен жұмыс жасау әдістерін меңгеріп, заңнамалық актілерді, бюджетті талдауға қатысты мәлімет пен  мемлекеттік жеңілдіктер туралы ақпараттарды  дер кезінде алып отырады. Е-Өтініш, Е-Салық, Е-Лицензия сияқты платформаларда жұмыс жасауды үйренеді. Жастар мен әйелдер арасында азаматтық технологияларға деген қызығушылық жоғары. Қазақстан үкіметі халықпен диалог жүргізуге жағдай жасады, бірақ мұндай ақпараттық науқандар тұрғындарды ақпараттық сауаттандыру үшін өте қажет. Қолданыстағы азаматтық технологияларды ілгерілетуде ҮЕҰ-ға бүгінде ерекше рөл жүктеліп отыр. 

«Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі 2006 жылдан бастап аймағымыздағы отбасы - демографиялық саясат, әйелдер істері, білім беру саласын дамыту, әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясатты жүргізуде көптеген жобалардың бастамашысы және орындаушысы болып табылады. 
 

Тағы да оқыңыз: