Kyzylorda-news.kz. Көлікті белгісіз бағытқа айдап кеткен 27 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына 71 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, көпқабатты үйдің ауласында тұрған «Ghevrolet Nexia» маркалы автокөлігінің ұрланғаны жайлы хабарлады. Жәбірленушіге келтірілген шығын 3 800 000 теңгені құрайды.
Дер кезінде барлық криминалды полиция бөлімінің қызметкерлеріне ұрланған автокөлік бойынша бағыт-бағдар берілді. Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлері мемлекеттік белгісі жоқ күдікті көлікті тоқтатып, тексеру кезінде оның ұрлғанған автокөлік екені анықтады.
Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 27 жастағы облыс тұрғын ұсталды.
Қазіргі уақытта, тәртіп бұзушыға Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
