Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 1-31 желтоқсан аралығында «Киік» кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы өткізіледі. Шара күшейтілген режимде құқық қорғау органдарының тікелей қатысуымен жүргізіледі. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалының басшысы Расул Маханов хабарлады.

Акцияның негізгі мақсаты – киіктерге рұқсатсыз броконьерлік жасауға және басқа да жануарларды заңсыз аулаудың алдын алуға бағытталады. 

«Өздеріңізге белгілі, киік аңы жойылып кету қауіпі төнген жануарлар қатарына кіреді. Жалпы қыс мезгілінде киіктер біздің облыс аумағында көбейеді. Сол себепті, бір ай көлемінде киіктерді және табиғатты қорғау жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілетін болады. Аталмыш шара еліміздің 12 облысында да ұйымдастырылады. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында жүргізілетін болады. Биыл жүргізілген арнайы санақтың нәтижесінде, елімізде қоныстанған киік саны 1 млн 318 мың басқа көбейген. Ал біздің аймақтың солтүстік-шығыс беткейіндегі қарақұм деп аталатын далалық аумағына былтыр 30 мыңға жуық киік қоныстанған», - деді Расул Маханов.

«Киік» кең ауқымды акция барысында Қызылорда-Ақтөбе, Қызылорда-Жезқазған және Қызылорда-Түркістан бағытындағы жолдарға мобильдік топтар мен арнайы бекеттер жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Кызылорда өңірлік филиалы қызметкерлерімен табиғатты қорғау шаралары бойынша заң бұзушылық деректерін анықтау мақсатында рейдтік жұмыстарын жүргізілді. Мәселен, Қызылорда облыстық полиция департаментінің ЖПҚ ТҚПб-нің қызметкерлерімен - 34 бірлескен рейдтік іс-шаралар, Қызылорда облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық испекциясының мамандарымен – 19 бірлескен іс-шаралар атқарылды. 

317479141_1676831719379000_7291394080111672177_n.jpg

Тағы да оқыңыз: