Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу де маңызды. Бұл мәселелер қазіргі таңда өзектілігін арттырып отыр. Осы орайда К.Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің 9-11 сыныбында оқиытн ер балаларымен «Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет» атты құқықбұзушылықтың алдын алу профилактикасы туралы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Қызылорда қалалық полиция бөлімінің ЖПҚб ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Өркен Қалиұлы Жұбанышбаев мен қалалық полиция бөлімінің ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Алия Ерназарова және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Апиязова қатысты.
Жиында оқушыларға құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу, жыныстық қолсұғылмаушылық, интернетті жүйелі пайдалану, беймезгіл уақытта заңды өкілсіз жүрмеу, топтық төбелестің алдын алу, кибербулинг, отбасындағы сыйластық, қоғамдық орындардағы тәртіп, мектеп ережесінің сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы мектеп оқушыларын Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі бойынша 127, 437, 441, 434 және 435-ші баптарымен таныстырды.
