Kyzylorda-news.kz. Дүниеде адам өмірі мен оның денсаулығынан бағалы ештеңе жоқ екені баршамызға белгілі. Сол себепті адам өмірін сақтап қалуда дәрігерлермен бірге қарапайым адамдардың да мүмкіндігі бар. Соның бірі – донор болу, яғни, ерікті түрде қан тапсыру. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, ауруханаларды қанның құрамдас бөліктерімен толық қамтамасыз ету үшін 1000 адамға шаққанда 20-25 адамның қан тапсыруы қажет екен.

Осы орайда, жылдағы үрдіспен қызылордалық полицейлер қайырымдылық донорлық акциясына қатысты. Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған бірінші қайырымдылық акциясы емес.

Полицияда көптеген тұрақты донорлар бар, олар мұқтаж науқастарға үнемі қан тапсыру міндеті деп санайды. Игі істі бастамас бұрын барлық донорлар медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға болады. Әр донордан 450 мл қан алады. Процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минуттан аспайды екен.

3 жыл бойы қан тапсыратын тұрақты донорлардың бірі Қызылорда қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонында, полиция аға лейтенанты Ерболат Сайлау болып табылады.

«Бір донор – бір өмір» деп, бекер айтылмаған және біздің іс-әрекеттеріміз біреудің анасы мен әкесінің, баласы мен ағасының өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз. Біз азаматтарды қан тапсыруға және адамдарға көмектесуге шақырамыз», - дейді полиция аға лейтенанты. 
 

317665220_5838385086204286_4492879937201559645_n.jpg

Тағы да оқыңыз: