Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы орталығында «Қайырымдылық жылы жүректен» атты қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар форумы өтті. 

Маңызы жоғары шараға өңірдегі қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар, облыстық ҚХА жанындағы волонтерлар мен жастар ұйымының жетекшілері, мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Форумның мақсаты – Сыр өңіріндегі қайырымдылық жасаушы меценаттар мен кәсіпкерлерді қолдау, қайырымдылықтың дамуына жаңа екпін беру. 

Форум модераторы облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Есмаханов  жыл көлемінде өңірлік ассамблеямен бірлесіп атқарылған ауқымы кең қайырымдылық шараларға тоқталып өтті. 

«Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы туған жеріне, өсіп-өнген өлкесіне көмек жасауға талпынған азаматтарды қолдау және ынталандыру бағытында игілікті істер атқарып келеді. Аталмыш форумның мақсаты - жыл көлемінде ғана емес, өмірлік ұстаным ретінде қалыптасқан игі іспен айналысып жүрген жандарды таныту болып табылады. Атап өтер болсақ, Қызылорда облыстық ассамблеяның «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында жүрегі жомарт жандардың қолдауымен 97 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, 3000-ға жуық адамға 7,2 млн. теңгенің көмегі көрсетілді. Қайырымдылық жасаушылар арасында облыстық этномәдени бірлестік өкілдері, облыстық мамандандырылған Күзет қызметі басқармасы, жеке кәсіпкерлер және «Ассамблея жастар» ұйымы мен Достық үйі жанынан құрылған волонтерлер  өз үлестерін қосуда», - деді Алмасбек Есмаханов. 

Шарада жыл бойына облыстық ассамблея тарапынан жасалынған қайырымдылық іс-шаралар туралы бейнеролик көрсетілімі қатысушылардың назарына ұсынылды. 

Форум аясында сөз сөйлеу құрметі мұқтаждарға мейірімділік танытып, қайырымды бағытта қарымды жұмыстар атқарып жүрген облыстық Қазақстан халқы ассамблея жанындағы волонтерлар қозғалысының жетекшісі Ирина Шек, облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бижігіт Оспанбеков,  шешен этномәдени бірлестігінің белсендісі, жеке кәсіпкер Арби Вагапов, «Ассамблея жастары» республикалық жастар қозғалысының облыстағы жетекшісі Елена Пакқа берілді.  

Мұнан соң қайырым жасауды өзіне мұрат еткен, ұрпаққа үлгі болар азаматтарды марапаттау рәсімі болды. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісін «Техоснастка - Ремсервис» ЖШС директоры, кәсіпкер Илларион Ли иеленді.

Ал облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың Алғыс хатымен «Мамандандырылған күзеті басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы Бижігіт Оспанбеков, шешен этномәдени бірлестігінің белсендісі, жеке кәсіпкер Арби Вагапов,  Неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі, жеке кәсіпкер Виктория Шек, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысы Мира Қазбекованың Алғыс хатымен «Ассамблея жастары» РЖҚ облыстағы жетекшісі мен белсенділері марапатталды. 

316811042_3367615516890938_7140295531193172831_n.jpg

Тағы да оқыңыз: