Kyzylorda-news.kz. Қызылордада кафе, барларда кальян шеккен 30 азаматқа айыппұл салынды.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты болдырмау мақсатында рейдтік іс-шараларды күнделікті өткізеді.

«Кальян» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары рейд жүргізді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-бөлігімен 30 азаматқа әкімшілік хаттама рәсімделді. Сонымен қатар 6 ойын-сауық орнының иесіне осы кодекстің 441-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Ойын-сауық орталықтары, кафе иелеріне қоғамдық орындарда темекі өнімдері мен кальянды тұтынуға тыйым салу туралы ескерту парақтары таратылды.

c86597f8-ae54-4f19-bdc5-c76101b3ee8d.jpg

Тағы да оқыңыз: