Kyzylorda-news.kz Қызылордада «Қазақстан кәсіпкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай аймақтық бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесу өтті.
Негізгі мақсаты – мемлекет пен бизнес арасындағы әріптестікті нығайту, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағытында пікір алмасып, жаңа мүмкіндіктерді талқылау.
Облыс әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы төрағалық еткен кездесуге Инвестициялық омбудсмен – Қызылорда облысы прокурорының міндетін атқарушы Нұрболат Дүйсенбаев, Өңірлік кеңес төрағасы Мұрат Сәрсенбаев, сондай-ақ бизнес өкілдері мен салалық мемлекеттік мекемелер және қаржы институттары қатысты.
Кездесу соңы салтанатты шараға ұласып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосып жүрген сала үздіктеріне ведомстволық және облыстық деңгейден құрмет көрсетілді.
Теміржол және машина жасауда кәсіби біліктілігімен танылып, саланың дамуына қосқан үлесі үшін:
- «Қамқор Локомотив» серіктестігінің «Сексеуіл локомотив жөндеу депосы» филиалы директорының міндетін атқарушы Бүлеков Нұрлан Нұржанұлы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен;
- «Марал-Нұр» серіктестігі директорының кеңесшісі Ким Лев Николаевич «Машина жасау өнеркәсібінің үздігі» төсбелгісімен;
- Құрылыс индустрияның дамуына қосқан үлесі үшін: «КСМ KZ» серіктестігінің өндіріс басшысы ЖҰМАБЕКОВ Аманбайға «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Өнеркәсіп саласының дамуына үлес қосқан «Нур-Жол Алем», «Turanium» және «Altyn Bricks Kyzylorda» кәсіпорындарының басшылығына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаевтың «Құрмет грамотасы» табысталды.

Кәсіпкерліктің табысты дамуы – экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адалдық, ашықтық және қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарымен де тығыз байланысты. Осы қағидаттарды дәріптеуге бағытталған «Адал кәсіпкер» өңірлік науқанының 7 номинация бойынша жеңімпаздарына құрмет көрсетілді.
- «Адал кәсіпкер – үлгілі салық төлеуші» номинациясымен «Turanium» ЖШС;
- «Адал кәсіпкер – жауапты жұмыс беруші» номинациясымен «Ақсауле-Мед» ЖШС;
- «Адал кәсіпкер – қауіпсіз кәсіпорын» номинациясымен «РЕМ. ПАССАЖИР ВАГОН» ЖШС;
- «Адал кәсіпкер – әлеуметтік жауапты бизнес» номинациясымен Жаңажол» ЖШС;
- «Адал кәсіпкер – ашық бизнес» номинациясымен «Venera Print» ЖШС;
- «Адал кәсіпкер – Үздік шағын бизнес» номинациясымен жеке кәсіпкер «Достық»;
- «Адал кәсіпкер – үздік өндірістік кәсіпорын» номинациясымен Қызылорда механикалық зауыты «КВАНТ» ЖШС.
Салтанатты іс-шараға қатысқан басқа бизнес өкілдері мен бірқатар салалық қызметкерлерге облыс әкімінің алғыс хаттары және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасының құрмет грамоталары табысталды.

