Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» мекемесі «Байқоңыр қалалық архиві» филиалының ұйымдастыруымен «Істер номенклатурасын құрастыру тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға «Инфракос» ШЖҚ РМК-нің, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Байқоңыр қалалық бөлімінің (Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жылжымайтын мүлік орталығы), «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемесінің, «Ғарыш-инфрақұрылым» мекемесінің, академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің және Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Байқоңыр қалалық архив филиалының қойма меңгерушісі Қ.Қазбекова ҚР Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №263 бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін» басшылыққа ала отырып, істер номенклатурасын құрастыру тәртібі туралы түсіндіріп өтті.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, архив қоймасына экскурсия жасады.

